щ АЛЛАМЕН АҚЫЛДАСҚАН ҰТЫЛМАЙДЫ Ғалым ибн Хажар әл-Асқалани былай деген: «Жүрекке келіп-кететін нәрселердің 3 тәртібі болады: 1. «Осыны жасасам ба, жасамасам ба?» деп қатты ойланып кетеді. 2. «Осыдан бір апат (бәле) келіп қала ма екен?» деп қорқады. 3. «Осы екеуінің қайсысын атқарсам маған береке келеді, қайсысы маған пайдалы?» деп уайымға түседі. Міне, осы үш жағдайда дұрыс жолды тапқысы келген адам ең алдымен, Алламен ақылдасуы керек. Мұны «истихара» дұғасы деп атайды. «Истихара» дұғасы - істі бастамақ болған пенденің күмәні мен күдігіне тоқтау салып, уайымы мен мазасыздығын сейілтетін кереметтей «КӨМЕКШІ». Ендеше, кәсібінен нәсіп тапқысы келген азамат, ең алдымен, Жаратушысымен ақылдасуды ұмытпағаны жөн. «Истихара» дұғасының оқылуы: «Иә, Алла! Маған іліміңнен игілік бергейсің. Құдіретіңмен мені қуатты еткейсің. Кең пейіліңмен мені қуанышты еткейсің. Расында менің құш-құдіретім ештеңеге жетпейді. Мен еш нәрсені білмеймін. Ал Сен барлық нәрсені білесің. Әрі Сен көместі де толық көрушісің. Иә Алла! Егер бұл іс дінімде, тіршілігімде, істерімнің соңында, (немесе былай дейді: қазіргі өмір тіршілігімде, келешекте) мен үшін қайырлы болса, оны маған нәсіп ете гөр, әрі маған ол істі оңай етіп, кейін оны мен үшін берекелі ет! Ал егер бұл іс дінімде, тіршілігімде, істерімнің соңында (немесе былай дейді: қазіргі өмір тіршілігімде, келешекте) мен үшін жаман болса, оны менен алыстата гөр. Әрі мені де одан аулақ ет. Қай жерде болса да мен үшін жақсылықты нәсіп ет, мені сол жақсылықпен разы ете гөр»(Бұхари). #асыларна #asylarna #кәсіп #бизнес #истиxара

Теги других блогов: бизнес асыларна asylarna кәсіп истиxара